Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлемде мұнай бағасы шарықтап кетті

Әлемде мұнай бағасы шарықтап кетті

Әлемде мұнай бағасы шарықтап кетті

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің жаңа кезеңі аясында әлемде мұнай бағасы күрт көтерілді 
Астана уақытымен сағат 08:00-дегі сауда-саттық деректеріне сәйкес, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 11,15 пайызға өсіп, барреліне 84 доллардан асты.
WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 11,42 пайызға артып, барреліне 79,57 долларды құрады.
Трамптың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесі
Мұнай бағасы өсуінің негізгі факторларының бірі АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесі болды. Америкалық көшбасшы "осы сәттен бастап АҚШ "Ормуз бұғазының сақтаушысы" ретінде танылатынын және осы мәртебеде әділдік мақсатында оларға барлық жөнелтілген жүк құнының 20 пайызы өтелетінін" мәлімдеді.
АҚШ үшінші түн қатарынан Иранға соққы жасап жатыр
Бағаның өсуіне АҚШ-тың жалғасып жатқан әскери операциясы қосымша фактор болды. Бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық әскерилердің үшінші түн қатарынан Иран аумағына соққы жасап жатқанын хабарлады. Вашингтон бұл операция Иранның әскери әлеуетін әлсіретуге және Ормуз бұғазындағы коммерциялық кеме қатынасына жасалатын шабуылдардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.
CENTCOM Ирандағы әскери нысандарға, соның ішінде Бушер, Чабахар, Джаск, Конарек және Бендер-Аббас қалаларындағы нысандарға сәтті соққы жасалғанын мәлімдеді.
Бұған жауап ретінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) Бахрейндегі АҚШ-тың Джуффейр базасындағы нысандарға, сондай-ақ Ормуз бұғазында ескертулерді елемеген екі "заң бұзушы супертанкерге" соққы жасалғанын хабарлады.
Бұл Қазақстан үшін неге маңызды?
Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай бағасы бюджет кірісіне, Ұлттық қордың жағдайы және теңге бағамына әсер ететінін мәлімдеген. Мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді. Бағаның күрт құбылуы инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы соққылар алдында осал етеді.
Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдарлар негізінде есептеледі.

Фото: depositphotos.com