Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дархан Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болды

Дархан Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болды

Дархан Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болды 

Дархан Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мырзабаев Дархан Тілеубердіұлы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Дархан Мырзабаевтың өмірбаяны
Дархан Мырзабаев 1989 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Ұлттық жоғары мұнай және энергия көздері мектебін (Франция), РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетін, Қытай-Еуропа халықаралық бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласында "PGS Kazakhstan" ЖШС-де геофизик-стажер болып бастаған.
2012–2015 жылдары - Schlumberger Ltd компаниясының аға далалық геофизигі, Лондон.
2015–2019 жылдары - "Тарбағатай Мұнай" ЖШС Барлау және игеру департаментінің кіші инженері, кен орындарын игеру жөніндегі инженері.
2020 жылы - Amazon EU S.A.R.L. компаниясының бағдарлама менеджері.
2021–2022 жылдары - "Эрнст энд Янг консультациялық қызметтері" ЖШС аға кеңесшісі.
2022–2023 жылдары - Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басқарма басшысы.
2023 жылы - CSI Stat ЖШС менеджері.
2024 жылы - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновацияларды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.
2024–2025 жылдары - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары.
2025 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Үкімет аппаратының Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Фото: t.me/ukimet_points