Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғылым және жоғары білім министрлігі биылғы ҰБТ-ны қорытындылады

Ғылым және жоғары білім министрлігі биылғы ҰБТ-ны қорытындылады

Ғылым және жоғары білім министрлігі биылғы ҰБТ-ны қорытындылады 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өткен негізгі ҰБТ-2026 қорытындысын шығарды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тестілеуге 233 мың талапкер қатысқан, екі мүмкіндікті есепке алғанда ҰБТ 422 мың рет тапсырылған. Талапкерлердің 73,1 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 26,8 пайызы орыс тілінде, ал 0,16 пайызы немесе 383 адам ағылшын тілінде тапсырды.
Бейіндік пәндердің ең сұранысқа ие комбинациялары "Математика-Физика", "Биология-Химия" және "Шығармашылық емтихан" болды.
"Инженерлік бағыттарға деген қызығушылықтың жоғары болуы соңғы жылдары президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының негізгі бөлігі инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінуімен байланысты", - деді ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлжан Жарасова.
Оның айтуынша, 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды, яғни талапкерлер 3 міндетті және 2 бейіндік пәнді тапсырғанын атап өтті. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, тестілеу уақыты – 4 сағат.
Қазіргі таңда мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр.
Құжаттарды 20 шілдеге дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары (оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары) арқылы немесе eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады.
Конкурсқа қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, білім туралы құжат, фотосурет және жеңілдік санаты бойынша құқықты растайтын құжаттар (бар болса) қажет.
Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы