Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елде көкөніс, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы төмендеді

Елде көкөніс, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы төмендеді

Елде көкөніс, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы төмендеді 

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары арзандады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

2026 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген.
Ең көп арзандаған өнім – қияр, оның бағасы 4,6% төмендеді. Сонымен қатар қызанақ пен сәбіз (әрқайсысы - 3,2%), жұмыртқа (-0,4%), ұн (-0,3%), тауық еті (-0,2%) бағасының төмендеуі тіркелді, - деп жазылған хабарламада.
Сонымкен қатар. өңірлер бөлінісінде бағаның төмендеу үрдісі еліміздің бірқатар қаласында байқалды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Ақтауда (-0,7%), Қонаевта (-0,3%), Жезқазған мен Петропавлда (әрқайсысы -0,2%), Тараз, Қарағанды және Түркістанда (әрқайсысы -0,1%) төмендеді. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семей қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды, - деді статистика бюросының баспасөз қызметі.
Тағы да өңірдегі арзандаған азық-түлік пен көкөністердің қатарында келесі өнімдер бар.
Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір келісі үшін 524 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркеліп, бір келісі 357 теңге болды.
Тазартылған күріштің орташа бағасы республика бойынша бір келісі үшін 534 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Қызылордада – 456 теңге, Алматыда – 478 теңге. Ақ қауданды қырыққабаттың орташа бағасы республика бойынша бір келісі үшін 198 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында, бір келісі 137 теңге. I санаттағы 10 дана жұмыртқаның орташа бағасы республика бойынша 561 теңгені құрады. Ең төмен баға Қызылордада (464 теңге) және Оралда (476 теңге) тіркелді, - деп көрсетілген статистика мәліметтерінде.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі.
Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.

Фото: stat.gov.kz