Қытайлық компания Алматыда робот зауытын салады
Қытайлық компания Алматыда робот зауытын салады
Робототехника саласындағы әлемдік көшбасшы UBTECH Robotics компаниясы Алматыда өзінің алғашқы шетелдік зауытын ашады.
Шанхайда өткен бизнес-форум барысында Алматы әкімшілігі, Nero Robotics және UBTECH Robotics негізін қалаушы Чжоу Цзянь арасында гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойылды.
"Алматы компания өзінің өндірістік кешенін іске қосып жатқан алғашқы шетелдік қала болды. Зауыттың құрылысы қазір басталды, ал іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Жоба тек роботтар өндірісін емес, сонымен қатар инженерлік және зерттеу орталығын құруды, заманауи технологияларды енгізуді және робототехника бойынша қазақстандық мамандарды оқытуды қамтиды", – деп мәлімдеді әкімшілік.
Еске салсақ, Қазақстан Қытаймен достық саясат жүргізіп, Тоқаев пен Си Цзиньпин жаңа сауда-экономикалық бағдарламаға қол қойды.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі