Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы қайта іске қосылады

Қазақстанда әйелдерге арналған

Қазақстанда әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы қайта іске қосылады 

Қазақстанда "Ұмай" жеңілдетілген ипотекасын іске қосу тамызға жоспарланып отыр. Оны жұмыс істейтін әйелдер рәсімдей алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 45 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.
Қазақстанда әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы іске қосылуға жақын. "Крыша" порталының мәліметінше, өтінімдер 2026 жылдың тамызында қабылданады деп жоспарланған, ал оны жүзеге асыруға жалпы алғанда 45 млрд теңге көзделген.
Маңыздысы – "Ұмай" ипотекалық бағдарламасына тек соңғы 6 айда ресми табысы мен зейнетақы аударымдары бар әйелдер ғана қатыса алады.
Бағдарлама операторы саналатын "Отбасы банк" ипотека бойынша мөлшерлемені әзірге жариялаған жоқ, алайда сарапшылар ол алғашқы жылдары шамамен 15 пайыз, кейін 3,5-5 пайыз дейін төмендейді деп болжауда.
"Ұмай" ипотекасының шарттары төмендегідей:
несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңге;
мерзімі – 25 жылға дейін;
жаңа салынған және қолданыстағы тұрғын үйді сатып алуға болады, бірақ үй 2016 жылдан кейін салынған болуы шарт.
Алғашқы жарна:
ірі қалаларда – 20 пайыздан бастап;
басқа өңірлерде – 15 пайыздан бастап.
Екі адамды қосалқы қарыз алушы ретінде тартуға және алғашқы жарна үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға болады. Бағдарлама алғашқы баспананы сатып алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді – жылжымайтын мүлік санына шектеу жоқ.
Өтінімдер балдық жүйе бойынша іріктеледі – депозитте ақша неғұрлым көп болса, банк сыйақысы да соғұрлым жоғары болады, сәйкесінше іріктеу кезінде де көп балл беріледі. Сондықтан әлеуетті қатысушыларға депозиттері жоқ болса, оны қазірден ашқан жөн.
Айта кетейік, "Ұмай" бағдарламасына Азия даму банкі демеушілік жасайды. Ол жалпы 90 млрд теңге бөледі, бұл қаражат әйелдерге арналған ипотека мен "жасыл" ипотекаға арналған.

Фото: fizkes/Getty Images