Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды
Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Болат Ақшолақов 1971 жылы 7 сәуірде Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Есеп және экономикалық кибернетика факультетінің түлегі (1993). Мамандығы – экономист.
Сондай-ақ Мұнай-газ өнеркәсібінің білім беру орталығын тәмамдаған (Алматы) (1998). Онда "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалауә және "Мұнай өндіру экономикасы" мамандығын алып шықты.
1994 - 1995 жылдары – Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі;
1995 - 1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры қызметін атқарды;
1997 - 2001 жылдары – "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары;
2001 - 2003 жылдары Commonwealth and British Services Ltd бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры;
2003 - 2006 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;
2006 - 2008 – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
2009-2010 – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры;
2010-2011 – PSA ЖШС Бас директоры;
2011 жылы – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ президенті;
2012-2014 – Мұнай және газ вице-министрі;
2014-2016 – Almex Petrochemical ЖШС Бас директоры;
2016 - 2017 – KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Бас директоры;
2017- 2019 – Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі;
2019 - 2021 – KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры;
2021 - 2022 жылдың қаңтарына дейін – "Самұрық-Қазына" АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
2022 - 2023 жылдары – энергетика министрі;
Фото: primeminister.kz