2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік голы анықталды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік голы анықталды
Кабо-Верде құрамасының қорғаушысы Сидни Лопеш Кабралдың Аргентина қақпасына соққан голы 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік голы деп танылды. Бұл туралы FIFA сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
23 жастағы футболшы Hyundai Goal of the Tournament жүлдесін иеленді. Лопеш бұл голын 1/16 финалдағы Аргентинаға қарсы ойында соққан болатын.
FIFA өкілдерінің айтуынша, ойын алдында спортшы Мессимен бірге суретке түсуді жоспарлаған. Бұл матч оның мансабындағы ең маңызды сәттердің біріне айналып, Лопеш чемпионаттың үздік голының авторы атанды.
Дауыс беру нәтижесінде ол ең үздік гол соғушы ретінде екінші және үшінші орындарды иеленген Элдор Шомуродов (Өзбекстан) пен Вильсон Исидорды (Гаити) шаң қаптырды.
Фото: pixabay.com