Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан Президенті құрметті қонақ болғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты

Қазақстан Президенті құрметті қонақ болғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты

Қазақстан Президенті құрметті қонақ болғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.
Кездесу барысында президенттер стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан қазақ-тәжік қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалады.
Тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді байланыстардың маңызы да атап өтілді.
Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды.
Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы көпжақты форматтағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылады.
Тоқаев Астанада “Болашақ ойындарын“ ашып берді

Фото: Ақорда