Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Банктерді құтқарудың жаңа тәртібі: Мемлекет енді кімге көмектеседі?

Банктерді құтқарудың жаңа тәртібі: Мемлекет енді кімге көмектеседі?

Банктерді құтқарудың жаңа тәртібі: Мемлекет енді кімге көмектеседі?

Қазақстанда жақында қабылданған жаңа «Банктер туралы заң» аясында проблемалық банктерді реттеудің жаңа тетігі енгізілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, жаңа заңның негізгі бағыттарының бірі – банктерді «сауықтыру» және мемлекеттік қолдау көрсету жүйесін түбегейлі өзгерту.
2017 жылдан бергі тәжірибе қайта қаралды
Олжас Қизатовтың сөзінше, Қазақстанда проблемалық банктерді реттеу жұмыстары 2017 жылдан бастап, ол кезде Ұлттық банк бұл бағытқа жауапты болған кезде қолға алынған. Оның айтуынша, басты мәселенің бірі – банктерді сауықтыруға арналған қаржының әртүрлі көзден бөлінуі болған.
Бұған республикалық бюджет қаражаты, Ұлттық қордың қаржысы, Ұлттық банктің қаражаты және квазимемлекеттік сектор компанияларының қаражаты пайдаланылды, - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Олжас Қизатов. Фото: BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина
Мемлекет енді барлық банкке көмектеспейді
Оның айтуынша, бұрын заң жүзінде мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысты ешқандай шектеу болмаған.
Сол кезде мемлекет ірі банктерге де, мысалы Казкоммерцбанкке немесе Цеснабанкке де, сондай-ақ шағын және орта банктерге де көмек көрсете алатын, - деді ол.
Жаңа заң бойынша бұл тәсіл өзгерді.
Енді мемлекет тек жүйе құраушы банктерге ғана қолдау көрсетеді. Қазір Қазақстанда 23 банк бар, соның ішінде тек үшеуі ғана жүйе құраушы банк болып саналады. Демек, қалған 20 банкке мемлекеттік қолдау көрсетілмейді, - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Қолдау тек республикалық бюджет есебінен беріледі
Олжас Қизатов жаңа механизмнің тағы бір маңызды ерекшелігі мемлекеттік қолдау көздерінің нақты белгіленуі екенін айтты.
Енді банктерге мемлекеттік қолдау тек республикалық бюджет қаражаты есебінен ғана көрсетіледі. Ұлттық банктің, Ұлттық қордың немесе квазимемлекеттік сектор компанияларының қаражаты бұған пайдаланылмайды, - деді ол.
Сондай-ақ бұрын қолданылған түрлі қолдау құралдарынан толықтай бас тартылмақ.
Біз енді проблемалық кредиттерді Проблемалық кредиттер қорына сатып алу, субординацияланған облигациялар шығару сияқты құралдарды қолданбаймыз. Егер жүйе құраушы банкке мемлекеттік қолдау қажет болса, ол тек банктің капиталына тікелей кіру, яғни оның жай акцияларын сатып алу арқылы ғана жүзеге асырылады, - деп түсіндірді Олжас Қизатов.
Олжас Қизатовтың айтуынша, жаңа талаптың басты мақсаты – әрбір банк қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда қандай қадамдар жасайтынын алдын ала нақты айқындау.
Біз әр банкке қатысты оның қандай нақты шаралар қабылдайтынын нақты білуіміз керек. Егер банктің қаржылық жағдайы біртіндеп нашарлай бастаса, оның қандай әрекет жасайтыны және бұл шараларға кім жауап беретіні алдын ала белгілі болуы тиіс, - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Оның сөзінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл жоспарларды қарап, олардың шынайылығы мен тиімділігін бағалайды.
Біз бұл жоспарларды мақұлдаймыз. Олардың қаншалықты тиімді әрі өміршең екенін қараймыз. Әр банк мұндай жоспарды жеке әзірлейді, - деді Олжас Қизатов.
Сонымен қатар жүйе құраушы банктер үшін жеке реттеу жоспарлары әзірленеді.
Мемлекет көмектеспес бұрын банктің өзі шығынды өтеуі тиіс
Олжас Қизатов жаңа заңдағы ең маңызды қағидалардың бірі мемлекеттік қолдау көрсетілмес бұрын банктің барлық мүмкіндігі пайдаланылатынын айтты.
Жүйе құраушы банкке мемлекеттік қолдау көрсету туралы шешім қабылданбас бұрын барлық шығын ең алдымен банктің өз қаражаты есебінен өтелуі керек, - деді ол.
Оның түсіндіруінше, мысалы, банктің шығыны шартты түрде 1000 теңгені құраса, алдымен банктің капиталы толық есептен шығарылады.
Егер банктің капиталы 300-400 теңге болса, ол толықтай есептен шығарылады. Бұдан кейін қалған шығынды жабу үшін акционерлердің қаражаты пайдаланылады. Яғни акционерлердің ресурстары толық көлемде шығынды өтеуге бағытталады, - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Фото: