Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Саясаттанушы: Сайлаушының сенімін тек уәдемен жеңіп алу мүмкін емес

Саясаттанушы: Сайлаушының сенімін тек уәдемен жеңіп алу мүмкін емес

Саясаттанушы: Сайлаушының сенімін тек уәдемен жеңіп алу мүмкін емес

Қазіргі ақпараттық кеңістікте адамдардың таңдауына ең алдымен эмоция әсер етеді. Сондықтан саяси партиялар сайлаушының сеніміне ие болу үшін тек бағдарламасын таныстырумен шектелмей, қоғаммен тұрақты байланыс орнатуы қажет
Бұл туралы саясаттанушы Талғат Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өткізген сарапшылар кездесуінде мәлімдеді.
Сарапшының айтуынша, кез келген ақпарат алдымен эмоция арқылы қабылданады. Адам қандай да бір мәліметті қабылдамас бұрын оған ішкі бағасын береді. Осыдан кейін ғана ол ақпарат санасында сақталып, белгілі бір көзқарас қалыптастырады.
Сайлаушының таңдауы көбіне «сенемін» немесе «сенбеймін» деген ішкі сезімге негізделеді. Ал сенім – уақыт өте қалыптасатын тұрақты эмоция, – деді Талғат Қалиев.
Оның пікірінше, қазіргі таңда саяси партиялардың мүмкіндігі бұрынғыдан әлдеқайда кеңейді. Әлеуметтік желілердің көмегімен олар әртүрлі әлеуметтік топтармен тікелей байланыс орнатып, қоғамның сұранысына жедел жауап бере алады.
Сонымен бірге саясаттанушы бүгінгі басты қиындықтың бірі – ақпараттық шудың артуы екенін атап өтті. Оның айтуынша, адамдар күн сайын өте көп ақпарат тұтынады. Осындай жағдайда саяси күштер тек бағдарламасымен ғана емес, аудиторияның назарын аудара алатын мазмұнмен де ерекшеленуге тиіс.
Талғат Қалиев кеше өткен теледебаттарға да тоқталып, пікірсайыста мазмұн болғанымен, эмоциялық әсердің жеткіліксіз болғанын айтты.
Партиялар халыққа өз ұстанымын жеткізді. Бірақ сайлаушының назарын аудару үшін эмоциялық әсер де маңызды. Өйткені адамдар көбіне таңдауды ақылмен ғана емес, жүрекпен де жасайды, – деді ол.
Сарапшының сөзінше, қазіргі технологиялар қоғамдық пікірді қысқа уақыт ішінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен ұзақ мерзімді нәтижеге жету үшін партиялар ең алдымен өз беделі мен қоғам сенімін нығайтуға күш салуы қажет.
Жаңа технологияларды тиімді пайдалану маңызды. Бірақ ең бастысы – репутацияны сақтап, адамдардың тұрақты сеніміне ие болу. Нағыз саяси капитал – сайлаушының сенімі, – деп түйіндеді Талғат Қалиев.
Айта кетейік, кеше, яғни 29 шілдеде жеті саяси партияның қатысуымен Ұлттық теледебаттың тікелей эфирі өтті. Эфир барысында саяси сарапшылар теледебаттың маңызына тоқталып, еліміздегі конституциялық реформалардан кейін алғаш рет өткізілгелі отырған Құрылтай сайлауының қоғамдық-саяси мәніне баға берді. Олар медиаорталықтың Sky студиясында партиялардың сайлау бағдарламаларын талқылады.
Еске салсақ, саясаттанушы Найла Мұхтарова кеше өткен алғашқы теледебатқа баға берді. Сарапшының айтуынша, пікірсайыс партиялардың бағдарламасымен қатар, саяси мәдениеті мен ашық бәсекеге дайындығын да көрсетті.
Цифрлық даму министрлігі сайлау кезінде TikTok пен YouTube-тың ЖИ-контентке қатысты жауапкершілігін түсіндірді. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиевтың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін барлық цифрлық платформалар ұлттық заңнаманы сақтауға міндетті, ал жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті таңбалау негізгі талаптардың бірі болады.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі