Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі
Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі
31 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.
Астанада да күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,8 м/с.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілсе, түнде 28 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 9,6 м/с.
Фото: NurPhoto/Getty Images