Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ қызы күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақ қызы күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақ қызы күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Балуан Айша Әбдімәлік Бакуде өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айша Әбдімәлік финалда 2025 және 2026 жылдардағы U17 Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен белдескен.
Алайда Айша қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберген.
Қазақ балуаны финалға дейін Венгрия өкілі Соня Верешті 8:3, америкалық Ив Скрокиді 7:6, Молдова балуаны Маргарита Лиситаны 13:12 және грекиялық Василики Каравануды 8:1 есебімен жеңген.
Осылайша, Айша Әбдімәлік Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.
Айта кетейік, бұған дейін U17 әлем чемпионатында Дияр Аманәлі топ жарған еді.

Фото: іnstagram.com/kazwrestling_official