Қазақстанда 2026-2027 оқу жылындағы мектеп каникулдарының күнтізбесі бекітілді
Қазақстанда 2026-2027 оқу жылындағы мектеп каникулдарының күнтізбесі бекітілді
Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық мектеп оқушыларының 2026-2027 оқу жылындағы оқу және каникул мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Мектеп оқушылары күзгі, қысқы және көктемгі каникулға шығады. Сонымен қатар бірінші сынып оқушыларына ақпанда қосымша бір апта демалыс беріледі.
2026-2027 оқу жылындағы мектеп каникулдарының күнтізбесі
Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс жеті күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Екінші тоқсан да сегіз оқу аптасына есептелген. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында болады.
Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында жеті күндік қосымша демалыс қарастырылған.
Үшінші тоқсан он оқу аптасына созылады. Көктемгі каникул 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Фото: depositphotos.com