Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ыстық басылмайды: 1 тамыздан бастап Қазақстанның қай өңірлерінде күн салқындайды?

Ыстық басылмайды: 1 тамыздан бастап Қазақстанның қай өңірлерінде күн салқындайды?

Ыстық басылмайды: 1 тамыздан бастап Қазақстанның қай өңірлерінде күн салқындайды?

"Қазгидромет" синоптиктері 1, 2 және 3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан тұрғындарын құбылмалы ауа райы күтеді. Елдің басым бөлігінде аптап сақталады, алайда бірқатар өңірде найзағайлы жаңбыр жауып, бұршақ түседі және екпінді жел соғады деп күтіледі.
Қай өңірлерде аптап болады?
Синоптиктердің болжамы бойынша, ең жоғары температура елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталық аймақтарында сақталады.
Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай көрсеткіш осы кезеңдегі климаттық нормадан айтарлықтай жоғары.
Қай жерде жаңбыр жауады?
Ыстық ауа райына қарамастан, атмосфералық жағдай тұрақсыз болады. Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Сонымен қатар солтүстік және орталық облыстарда кей жерлерде нөсер жауын жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел соғады деп болжанады.
Ауа райы қашан салқындайды?
Синоптиктер ауа райындағы алғашқы өзгерістерді елдің батысында күтеді. 1 тамыздан бастап бұл аймаққа салқын ауа массалары келе бастайды, соның салдарынан температура сәл төмендейді, бірақ әлі де климаттық нормадан жоғары болып қала береді.

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов