Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлемде мұнай бағасы күрт өсті: не болып жатыр?

Әлемде мұнай бағасы күрт өсті: не болып жатыр?

Әлемде мұнай бағасы күрт өсті: не болып жатыр? 

Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты белгісіздіктің сақталуы фонында әлемде мұнай бағасы күрт өсті. Brent маркалы мұнайдың бағасы 88 долларға жуықтады
Brent пен WTI қымбаттап жатыр
Астана уақытымен сағат 08:10-дағы жағдай бойынша, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 5,09 пайызға өсіп, барреліне 87,80 долларды құрады.
Нефть марки Brent выросла до 87,80 доллара за баррель
Америкалық WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 5,44 пайызға қымбаттап, барреліне 82,44 доллар болды.
Мұнай бағасы неге өсіп жатыр?
Бағаның өсуі АҚШ пен Иран арасындағы жағдайға және Ормуз бұғазының болашағына қатысты белгісіздікке байланысты. АҚШ Президенті Дональд Трамп қазір Вашингтон жаңа әскери шабуылға емес, Иранға экономикалық қысым жасауға басымдық беріп отырғанын мәлімдеді. Бұл ретте бұғаз арқылы кемелер қозғалысын қайта бастау туралы келіссөздер әлі де бұлыңғыр, ал Тегеран қосымша шарттар қойып отыр.
Мұнай нарығы үшін бұл жеткізу тізбегінің үзілу қаупін білдіреді: Ормуз бұғазы мұнай тасымалдаудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Сондықтан инвесторлар бағаға геосаяси тәуекелдер үшін қосымша үстемелерді қосып жатыр.
Бұл Қазақстан үшін неге маңызды?
Айта кетейік, бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов келесі жайтты атап өткен болатын: мұнай бағасы бюджет кірісіне, Ұлттық қордың жағдайы және теңге бағамына әсер етеді. Мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді. Бағаның күрт құбылуы инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы соққылар алдында осал етеді.
Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдарлар негізінде есептеледі.

Фото: depositphotos.com