Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ - Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ - Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ - Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Қазақстан жан-жақты жаңғыру жолына түсіп, елімізде түбегейлі өзгерістер жасалып жатқанына назар аударды
Мемлекет басшысы ұлт тағдырын айқындайтын тарихи шешімдер қабылданғанын айтып өтті.
"Біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдум өткіздік, жаңа Конституциямызды қабылдадық. Азаматтарымыз жаңа Ата заңды бірауыздан қолдап, дауыс берді. Қазақта "Береке бастауы – бірлік" деген жақсы сөз бар. Біз ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, еліміз де өсіп-өркендей береді. Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ. Қазір науқан белсенді өтіп жатыр. Партиялар саяси мәдениеттің озық үлгісін көрсетуде. Алдымызда өте жауапты кезең тұр. Ұлт болып ұйысып, бір ел болып жұмыла еңбек етеміз деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салайық, қазақстандықтар 2026 жылдың 23 тамызында өтетін Құрылтай сайлауында қай жерде дауыс беретінін алдын ала біле алады. Орталық сайлау комиссиясы бұған дейін азаматтарға ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін табуға мүмкіндік беретін онлайн қызметті іске қосқан болатын.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі