Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақмола облысында 24 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді

Ақмола облысында 24 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді

Ақмола облысында 24 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қаражар және Қараөткел ауылдарын газдандыру жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды. Бастапқыда 2028 жылға дейін жалғасуы тиіс болған құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, газ беру жүйесі іске қосылды.
Нәтижесінде елорда маңындағы 24 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Жоба аясында шамамен 240 шақырым жаңа газ желісі тартылды.
Қаражар Целиноград ауданында табиғи газбен толық қамтылған жетінші, ал Қараөткел сегізінші елді мекен болды. Екі ауылдың бірыңғай магистральдық желі бойында орналасуы нысандарды бір мезгілде іске қосуға мүмкіндік берді.
Қаражар ауылында 53 шақырымға жуық газ желісі тартылып, 5 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Қараөткелде газ желілерінің ұзындығы 185 шақырымды құрады. Мұнда 4 мыңнан астам отбасы тұрады, қазіргі уақытта 1,5 мыңға жуық абонент газбен жабдықтау жүйесіне қосылған.
Қараөткелді газдандыру бес іске қосу кешені бойынша кезең-кезеңімен жүргізілді. Алғашқы екі кешен өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілсе, қалған үшеуі биыл толық аяқталды.
Целиноград ауданын газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл Қызылсуат ауылында тиісті жоба жүзеге асырылуда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін тағы 3 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.
Сонымен қатар Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газдандыруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл жобаларды 2027 жылы іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз ету көзделген.

Фото: Энергетика министрлігі