Құрылтай сайлауы: 23 тамызда жалпыұлттық online-марафон өтеді
Бүгін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының жетекшілігімен 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді.
09:00-ден 00:30-ға дейін жалғасатын медиажобада Астана, Алматы және Шымкенттен, сондай-ақ шетелдерден тікелей қосылымдар ұйымдастырылып, сайлау барысы мен күннің басты оқиғалары қамтылады.
Марафонда ресми ақпараттар, сарапшылар пікірі, қоғамдағы өзекті мәселелер, TEDx алаңы, интерактивті форматтар мен арнайы репортаждар ұсынылады.