Тоқаев Бішкектегі ШЫҰ саммитіне барды
Тоқаев Бішкектегі ШЫҰ саммитіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкектегі "Ырыс Ордо" конгресс-холына барды
Мемлекет басшысын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірге суретке түсті.
Еске сала кетейік, 31 тамызда Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысты.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі