↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Екатерина Таранцева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

Екатерина Таранцева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

Екатерина Таранцева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды 

Екатерина Таранцева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломда есуден Қазақстан құрамасына үшінші медальді сыйлады
19 жастағы спортшы жекелей каноэ жарысында бақ сынады. Финалда ол ешқандай айып ұпайын алмай, 112,23 секунд нәтижесін көрсетті.
Бұл Таранцеваға қорытынды есепте үшінші орынды иеленіп, Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атануға мүмкіндік берді. Ол дәл осындай жүлдені Ханчжоу-2022 ойындарында да алған болатын.
Жарыста жапониялық Куруми Ито (107,60) жеңіске жетті. Күміс жүлдені қытайлық Чен Линь (111,70) иеленді.
Слаломда есуден жарыстар 2 қазанда мәресіне жетеді. Осы күні ерлер мен әйелдер каяк-кросс бойынша жүлделерді сарапқа салады.

Фото: ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті