Алтын бағасы екінші апта қатарынан төмендеп барады
Алтын бағасы екінші апта қатарынан төмендеп барады
Алтын бағасы жұма күні арзандап, қатарынан екінші аптаны төмендеумен аяқтауға дайындалып жатыр. Бұған АҚШ долларының нығаюы мен америкалық мемлекеттік облигациялар кірістілАлтын бағасы жұма күні арзандап, қатарынан екінші аптаны төмендеумен аяқтауға дайындалып жатыр. Бұған АҚШ долларының нығаюы мен америкалық мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі әсер етуде. Инвесторлар АҚШ еңбек нарығына қатысты маңызды деректердің жариялануын күтіп отыр. Бұл мәліметтер Федералдық резерв жүйесінің алдағы ақша-несие саясатына қатысты болжамдарға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.
Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.
Алтынның спот бағасы 0,6%-ға төмендеп, бір унциясы 4 154,78 долларға түсті. Апта басынан бері металл бағасы 3%-дан астам арзандаған. АҚШ-тағы алтын фьючерстері 0,4%-ға төмендеп, бір унциясы 4 184 долларды құрады.
АҚШ валютасының нығаюы алтын мен доллармен бағаланатын басқа да металдарды өзге валюталарды пайдаланатын сатып алушылар үшін қымбаттатады. Сонымен қатар бейсенбі күні АҚШ-тың 10 және 30 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 2002 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді.
Нарық қатысушылары АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемелерге қатысты күтулер мен Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайды бақылап отыр, – деді Capital.com аға қаржы сарапшысы Кайл Родда.
Оның айтуынша, нарық үшін АҚШ-тағы ауыл шаруашылығынан тыс сектордағы жұмыспен қамту туралы деректер негізгі фактор болады. Күшті көрсеткіш ФРЖ мөлшерлемені көтеруі мүмкін деген күтуді арттырып, алтын бағасына қосымша қысым жасауы ықтимал.
Қыркүйектегі жұмыспен қамту туралы есеп Гринвич уақытымен 12:30-да жарияланады деп жоспарланған. Сәрсенбіде жарияланған деректер тамыз айында АҚШ-тағы инфляция күтілгеннен баяу өскенін көрсетті. Бұған қоса, алдыңғы айдағы баға қысымының деңгейі бұған дейін хабарланған көрсеткіштен төмен болған.
Осыған байланысты инвесторлардың ФРЖ-ның жақын арадағы шешіміне қатысты күтулері айтарлықтай өзгерді. Трейдерлер осы айда мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығын шамамен 25% деп бағалап отыр. Апта басында бұл көрсеткіш 70% болған. Ал желтоқсанда мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығы 79% деп бағаланып отыр.
Әдетте жоғары пайыздық мөлшерлемелер алтынның тартымдылығын төмендетеді. Себебі алтын пайыздық табыс әкелмейді және табыс әкелетін қаржы құралдарымен бәсекелеседі.
Нарыққа әсер ететін тағы бір фактор – Таяу Шығыстағы жағдай. Дереккөздердің мәліметінше, Иран АҚШ тарапынан ауқымды әскери соққылар қайта басталған жағдайда жауап шараларын күшейтуге дайындалып жатыр. Сонымен қатар ел дипломатиялық келіссөздерді жалғастыруда.
Бағаның төмендеуі басқа да бағалы металдарға әсер етті. Күміс 0,5%-ға арзандап, 60,53 долларға, платина 0,4%-ға төмендеп, 1 716,93 долларға түсті. Ал палладий 0,1%-ға қымбаттап, 1 172,80 долларды құрады. Апта қорытындысы бойынша үш металлдың да бағасы төмендеп отыр.
Фото: pixabay