↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы іске қосылды 

Қазақстанда автокөлік сатып алудың жаңа тетігі енгізілді. Енді жеке тұлғаларға көлікті лизингке алу мүмкіндігі берілмек. Бұл жобаны Nomad Leasing Solutions компаниясы Allur-мен бірлесіп қолға алды.
Көп отбасы үшін көлік – күнделікті тіршіліктің ажырамас бөлігі. Жұмысқа, мектепке немесе балабақшаға бару, жақын адамдармен жолығу, шаруамен қала аралау немесе демалыс күндері қала сыртына шығу үшін жеке көлік қажет. Ал лизинг автокөліктің толық құнын бірден төлемей, оны бірнеше жылға бөліп төлеуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында Allur атынан өтінімдерді Allur Finance қаржы платформасы қабылдап, рәсімдеу жұмыстарын жүргізеді. Лизинг мерзімі 37 айдан басталады, ал қаржыландыру сомасы 1 млн теңгеден жоғары. Клиент өзіне ұнаған көлікті таңдап, оның бастапқы құнының кемінде 20%-ын төлейді. Одан кейін ай сайын белгіленген төлемді өтеп отырады. Көлік толық сатып алынғанға дейін лизингтік компанияның меншігінде болады.
Қазақстанда бұған дейін жеке тұлғаларға арналған автолизинг бойынша пилоттық жоба іске қосылған еді. 2025 жылғы желтоқсанда алғашқы келісім жасалды. Сол кезеңде жаңа қаржы құралын сынақтан өткізіп, халықтың сұранысын және құжат рәсімдеу тәртібін тәжірибе жүзінде тексеру көзделді.
2026 жылғы маусымда "Қаржылық лизинг туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаларға лизинг ұсыну тәртібі мен лизингтік компанияларға қойылатын талаптар заң жүзінде бекітілді. Жаңа бағдарлама осы талаптар негізінде іске қосылып отыр.
Nomad Leasing Solutions лизингтік компаниясының директоры Саят Урпежановтың айтуынша, жеке тұлғаларға автолизинг ұсыну Қазақстандағы көлік қаржыландыру нарығына жаңа бағыт әкеледі.
"Жеке тұлғаларға арналған автолизинг Қазақстанда автокөлікті қаржыландырудың жаңа сегментін қалыптастырады. Заңнамаға енгізілген өзгерістер жеке тұлғаларға лизинг ұсынудың тәртібін нақтылады. Біз Allur Finance компаниясымен бірге жаңа талаптарды ескере отырып, автолизингті рәсімдеудің қолданыстағы үлгісіне негізделген бағдарламаны іске қосып отырмыз", – деді ол.
Бағдарламада қалдық соманы кейін төлеу мүмкіндігі де қарастырылған. Мұндай жағдайда көлік құнының кемінде 20 %-ы келісімнің соңына қалдырылады. Соның арқасында клиенттің ай сайынғы төлемі төмендейді.
Келісім мерзімі аяқталған кезде клиент үш жолдың бірін таңдай алады. Біріншісі – қалған соманы төлеп, көлікті өз атына сатып алу. Екіншісі – автокөлікті лизингтік компанияға қайтару. Үшіншісі – басқа көлікке жаңа келісім рәсімдеу. Қалдық төлемді жаңа келісімге ауыстыруға да мүмкіндік бар.
Көлікті қайтару немесе басқа автокөлікке ауыстыру мүмкіндігі Қазақстанда өндірілген көліктерге қолданылады. Яғни клиент шамамен үш жыл сайын көлігін ауыстырып, отбасының немесе жұмысының өзгерістеріне қарай басқа модельді таңдай алады. Мысалы, отбасы кеңейіп, кеңірек көлік қажет болуы немесе жұмыс жағдайына байланысты басқа санаттағы автокөлік қажет болуы мүмкін.

Сонымен қатар Nomad Leasing Solutions мен Allur Finance автолизингті жеке кәсіпкерлерге де ұсынады.
Бағдарламаға қатысу өтінімін Allur Finance жүйесі арқылы арнайы дилерлік орталықта немесе Nomad Leasing Solutions сайтында беруге болады. Қолданыстағы көліктердің тізімі мен нақты шарттар өтінім қаралғаннан кейін анықталады.