↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қарсы алды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қарсы алды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қарсы алды

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті
Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.
Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады.
Айта кетейік, 11 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен бельгиялықтар королі Филипп және патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп және патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ, басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

Фото: Ақорда