↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың күзгі каникулына қатысты үндеу жасады

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың күзгі каникулына қатысты үндеу жасады

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың күзгі каникулына қатысты үндеу жасады 

Елімізде 26 қазаннан бастап оқушылар үшін күзгі демалыс күндері басталды. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады.


Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін қоса есептегенде жеті күнге созылады. Оқу 2026 жылғы 2 қарашада жалғасады.

"Қазақстанда 2,9 мыңға жуық қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Өнер және музыка мектептері, оқушылар сарайлары, спорт мектептері мен шығармашылық орталықтар балаларға қызығушылығына сай қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Күзгі демалыс кезінде балалар отбасымен уақыт өткізіп, кітап оқып, спортпен және шығармашылықпен айналыса алады. Мектептер балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге арналған шаралар ұсына алады. Оларға қатысу ерікті. Балалардың қызығушылығы мен отбасының жоспары ескерілуі тиіс", - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ құзырлы ведомство мұндай шараларды ұйымдастыру педагогтерге қосымша әкімшілік жүктеме түсірмеуі және есептілікті көбейтпеуі тиіс екенін қатаң ескертеді.
"Шаралар ұйымдастырылған жағдайда оларды өткізуге және балалардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар алдын ала белгіленеді. Балалардың қатысуы ата-аналармен келісіледі. Мектептен тыс шараларда жауапты ересектердің бірге жүруі қамтамасыз етілуі қажет.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға үйде, көшеде және интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, сақ болуды ескертіңіздер", - дейді ведомство өкілдері.

Фото: pexels.com