Алматыда Сәуле Жанпейісованың 60 жас мерейтойына арналған шара өтеді
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ 60 жас мерейтойына арналған «Түркі әлемінің дәстүрлі музыкалық мұрасы: вокалдық және аспаптық ерекшеліктері мен заманауи ұлттық құндылықтарды оқытудың, зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысы барысында түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық мұрасы, орындаушылық және шығармашылық тарихи аспектілерін зерттеу проблемалары, жоғары оқу орындарында білім берудің өзекті мәселелері, түркі музыкасы саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми ізденістерінің нәтижелерін талқылау, сондай-ақ дәстүрлі музыка мәдениетін жан-жақты дамыту үшін нақты шешімдерді іздестіру жолдары кеңінен қамтылады. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Түркі халықтарының ғалымдары мен орындаушылары қатысады.
Конференция аясында С.Жанпейісованың «Айнамкөз» атты авторлық әндер жинағының тұсаукесері болады.
Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, Халық әні кафедрасы.
Өтетін орны: Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Абылай хан даңғылы 86, Болат Қарақұлов атындағы Түркі музыкалық мәдениеті және мұрасы орталығы (конференц-зал), 103 ауд. Телефон: +7701 231 2878 (WhatsApp); +7 (727) 272-95-81 Электрондық пошта: kafedra.konf@mail.ru
25 ҚАРАША, 2026 жыл. 18:00 – «СӘУЛЕНІҢ СӘЙГҮЛІКТЕРІ» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сәуле Жанпейісованың 60 жас мерейтойына арналған шәкірттерінің концерті. Өтетін орны: Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залы.
26 ҚАРАША – ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ
10.00-11.00. 102 ауд.
«Маңғыстау жырларын үйрену машығы» - «Құрмет» орденінің иегері, жыршы Елдос Еміл
11.00-12.00. 102 ауд.
«Түріктің бағлама аспабына арналған шығармаларда қолданылатын бұраулар (аккордтар)» - Түркиялық әнші, композитор, этномузыкатанушы Ирфан Гөрдал
12.00-13.00. 102 ауд.
«Арал мен Қазалы өңіріндегі жыр мақамдарының құрылымы» - К.Байсейітова атындағы ҚҰӨУ-нің қауымдастырылған профессоры, өнертану кандидаты Эльмира Жаңаберген
27 ҚАРАША, 19.00 – «БІР ТОЙЫМ БАР!..» атты Сәуле Жанпейісованың шығармашылық кеші. Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры. 
