Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақша жаратудың 4 әдісі

Ақша жаратудың 4 әдісі
Көп адамдар алған ақшасын қайда жұмсап, қалай кетіп жататынын білмей жатады. Қалтаңыздағы ақшаның сіз ойлағаннан тез жұмсалуы - жоспарланбаған шығынға байланысты. Ақша жаратудың 4 әдісі:
   
    1. «50/30/20» әдісі.
Бұл әдіс тұрақты табысы бар, бірақ кенеттен алатын заттардың кесірінен ақшаны үнемдей алмайтын адамдар үшін арналған. Кіріс бөлудің әдісі келесідей: 50% – негізгі ай сайынғы шығындар (Коммуналдық төлемдер, азық-түлік) 30% – күнделікті өмір сүруге қажетті заттар (киім, интернет т.б) 20% – болашаққа (жинақ, күтпеген шығыстар, жақындарына мереке беретін сыйлықтар және т. б.).
   
    2. "Қарапайым" әдісі.
Нақты жоспар құрып және өзін қатаң шектегісі келмейтіндер үшін ыңғайлы. Бюджетті екі топқа бөлу керек: тұрақты шығындар және қалғандары.Бірінші топқа қажетті заттар кіреді: пәтерақы, транспортқа кететін жол ақысы немесе жанармай, азық-түлік, екінші – оларсыз өміріңді елестете алмайтын ойын-сауықтағы шығын (кафе, кино, қажетті киім-кешек).

    3. "Базалық бюджет" әдісі.
Егерде тұрақты табысыңыз болмаса, немесе ақша жинағыңыз келмесе, сізге арналған әдіс. Бірінші кезектегі қажет заттарға кететін шығынды есептей отырып, айына керекті ең аз табысты анықтау керек. Қалған артылып жатқан ақшаны жинау керек.

    4. "Апталық жәрдемақы" әдісі.
Бұл әдісті қолданушылар қатарына ақша жинағысы келетіндер, бірақ, айлық алуына бірнеше күн қалғанда ақшасы таусылып қалатындар жатады. Ай сайынғы табыстың қаншасы шығындалатынын және қанша бөлігі жинақталатынын есептеу керек.Осыдан кейін бірінші табысты 4 бөлікке бөліп, апта сайын сол ақшаны ғана жұмсау керек, айлық лимиттен асуға тыйым салынады.