Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанадағы LRT-ға «Тарлан Астана» атауы берілуі мүмкін

Астанадағы LRT-ға «Тарлан Астана» атауы берілуі мүмкін

Бұл туралы елордада қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы ММ басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек айтты. 

Оның айтуынша, Астана қаласы әкімдігіне тұрғындардан, қоғамдық ұйымдардан және Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалынан елордадағы жеңіл рельсті көлік жүйесіне (LRT) ресми атау беру жөнінде бірқатар ұсыныс келіп түскен. 

– Қазіргі таңда LRT қаланың негізгі қоғамдық көлік жүйелерінің біріне айналып отыр. Дегенмен бұл атау тек техникалық-жобалық сипатқа ие болғандықтан, күнделікті қолданысқа ыңғайлы, есте сақталатын және заманауи брендтік атау беру қажет. Халықаралық тәжірибеде мұндай көлік жүйелеріне қаланың мәдениеті мен болмысын танытатын қысқа әрі дербес атаулар беру кең таралған. Мысалы, Ванкувердегі SkyTrain, Рио-де-Жанейродағы SuperVia, Ресейдегі «Сапсан» секілді атаулар көлік жүйесінің брендіне айналған, - деді ол.

Оның сөзінше, осыған байланысты 2026 жылғы 3 маусымда қалалық ономастика комиссиясының отырысында бірнеше нұсқа қаралған. Олардың қатарында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан», «Аспан», «Тарлан» және басқа да атаулар ұсынылған. 

– Комиссия мүшелері талқылау қорытындысы бойынша Астана LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіне «Тарлан Астана» атауын беру туралы ұсынысты қолдады. «Тарлан» сөзі қазақтың тарихи-мәдени дүниетанымында жылдамдық, еркіндік, күш-қуат, тектілік және сенімділік ұғымдарымен байланысты, - деді Досжан Исабек. 

Фото: Ақорда