Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жер шарындағы ерекше адамдар

Жер шарындағы ерекше адамдар
Жер шарымыз ғажап! Әлемде неше түрлі мистикалық орындар, әдемі қалалар, ерекше табиғат және әртүрлі ақылға қонбайтын дүниелер жасап, өздерінің өнерлерімен тәнті ететін адамдар бар. Бірақ, төмендегі біз тізімге қосқан адамдарға қарап фантастикалық фильмдер рас па деп те ойланып қалуыңыз мүмкін.

1. Резеңке бала
Мұндай лақап атты әлемдегі ең иілгіш адам Джасприт Сингх Калра алып отыр. Бұл жігіт Гиннесс кітабына енген. Ол басын 180 градусқа айналдыра отырып, барлық анатомия заңдарын жоққа шығарып отыр. Оның үстіне, бұл қозғалыстар оған оңай берілетіні баршамызды таң қалдыруда.


2. Көк бетті адам
Біздің әлемде бетінің түсі көк адам бар. Ол ұзақ уақыт дерматит еміне коллоидты күмісті қолданған. Соның әсерінен бетінің түсі көкке айналған. Бұл 57-жасар Калифорния тұрғыны Пол Карасон. Ол бетінің түсі көкке айналғанға дейін 43 жыл емделген.


3. Жуынбайтын адам
Иран тұрғыны Аму Хаджи 60 жылдан астам суға түспеген. Ол: «Егер суға түссем міндетті түрде ауырып қаламын» деп ойлайды екен. Сондықтан суға мүлдем жоламайды және адамдардан бөлек тұрады. Жастық шағындағы бір оқиға осындай салдарға себепші болған. Ирандық Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.


4. Компьютерлік есте сақтау
Джилл Прайс осы күнге дейін өмірінде болған оқиғасының бәрі есінде. Оның жады есептеуіш машина сияқты барлық ақпараттарды жинап, ойша сақтайды. Мұндай қабілет Джиллдің бойынан 12 жаста байқала бастаған. Бүгінде Джилл әлемдегі есте сақтайтын ең мықты адам.