Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мейрамбек Бесбаев: Музарт тобы 20 жасқа келеді!

Мейрамбек Бесбаев: Музарт тобы 20 жасқа келеді!

Қазақ радиосынан берілетін "Шіркін-ай!" бағдарламасының кезекті саны Музарт тобының шығармашылығына арналады. 2001 жылдың сәуір айында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев сынды әнші жігіттерден құралған топ, алғаш рет М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» әнімен үлкен танымалдыққа ие болды. Әнші Мақсат Базарбаев топтан кеткесін, әнші Кенжебек Жәнібіловті қабылдаған Музарт тобы, керегесін кеңейтіп, Музарт вокалды-аспапты ансамбліне айналды. «Өз елім», «Шынарым», «Шашбаулым», «Қазақтай ел қайда», «Сағындым Алматымды», «Үшқоңыр», «Анаға сәлем», «Қайран көңіл» т.б әндерімен қазақ халқының сүйіктісіне айналған топтың белді мүшесі Мейрамбек Бесбаев, келесі жылы Музарт тобының құрылғанына 20 жыл толатындығын айтты.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Айсәуле Бейсенхан