↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Саммитке Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.
Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін қарастырып, ұйымның 2026 жылы атқарған қызметінің нәтижесіне баға берді әрі алдағы кезеңге арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындады.
Сондай-ақ президенттер халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, Ресей тарапының биыл ҰҚШҰ-ға өте нәтижелі төрағалық еткенін атап өтті.
Президент халықаралық терроризммен күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясының ықпалы ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағыттары бойынша күш-жігер жұмылдыру қажет екеніне назар аударды.
Қазақстан Президенті сөз соңында ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Тәжікстанның көшбасшысы Эмомали Рахмонды құттықтап, осы жауапты миссияны атқаруда сәттілік тіледі.
Жиын қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды
Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ортақ мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі