Әкімдер басқарма басшыларын министрлердің келісімімен жұмыстан босатады

Әкімдер басқарма басшыларын министрлердің  келісімімен жұмыстан босатады

Облыс әкімдері енді денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт басқармаларының басшыларын министрдің келісімімен ғана жұмыстан босата алады.

Осындай заң жобасы парламентте мақұлданып президентке жолданды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жасағандардың бірі - мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов. Оның айтуынша, бұл құжат мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға сеп болады.

«Әкімдер қазіргі уақытта өңірлік басқармалардың басшыларын орталық мемлекеттік органның басшыларымен, былайша айтқанда министрлермен келісіп тағайындайды. Жаңа заң жобасы бойынша енді басқарма басшыларының жұмыстан босатылуы да осындай тәртіппен жүргізіледі, яғни әкімдер орталық органдардың басшыларымен келісіп босатады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырады деген ойдамыз» - дейді халық қалаулысы.

Министрдің орынбасары соттың шешімімен сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылса онда министр отставкаға арызын жазу керек. Аталған заң жобасында осындай норма да қарастырылған.

«Министрдің орынбасары соттың шешімімен сыбайлас жемқорлыққа байланысты жауапқа тартылса онда министр өзінің отставкаға арызын беруі керек. Ал егер министрдің орынбасарына тікелей бағынатын басқармалар немесе соған бағынатын мемлекеттік қызметшілер жемқорлыққа байланысты жауапқа тартылатын болса онда министрдің орынбасары отставкаға арызын жазуы қажет. Бірақ арызын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау оны тағайындайтын органға немесе лауазым иесіне байланысты. Жағдай егжей-тегжейлі тексеріліп жұмыстан босатылуы да мүмкін. Бірақ жұмыстан босатылмай мемлекеттік қызмет заңына байланысты жауапқа тартылуы да мүмкін» - дейді мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов.

Айта өтейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламентте қабылданып, Президенттің қол қоюына жолданған.


Руководители будут нести персональную ответственность за коррупцию подчиненных. Законопроект отправлен на подпись президенту.

Теперь акимы областей при освобождении руководителей управлений здравоохранения, образования, культуры и спорта будут согласовывать кандидатуры с министрами.

Данная норма включена в законопроект «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной службы и противодействию коррупции». По словам одного из разработчиков данного документа, депутата Мажилиса Ерсултана Бектурганова, законопроект повысит ответственность госслужащих.

«Сейчас руководители областных управлений назначаются акимами по согласованию с центральными государственными органами, т.е министрами. Теперь акимы будут согласовывать освобождение от должности руководителей областных управлений. Данная норма предусмотрена в новом законопроекте» - отметил мажилисмен.

Министры должны будут подавать в отставку в случае коррупционных правонарушений со стороны вице-министров. В данном законопроекте предусмотрено и такая норма.

«Если заместитель министра по решению суда привлечен к ответственности за коррупцию, то министр должен будет подать прошение об отставке. Также если управления или госорганы, которые напрямую подчиняются заместителю министра будут уличены в коррупции, то заместитель министра должен уйти в отставку. Но удовлетворять заявления будет уполномоченный орган или должностное лицо, которое назначает госслужащего. После рассмотрения заявления госслужащий может быть освобожден от должности или его накажут в рамках закона о госслужбе» - сказал депутат.

Данный законопроект утвержден Парламентом и отправлен на подпись Президенту РК.