↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа лауазымдағы алғашқы сапар: Тоқаев Парламентаралық одақ басшысын қабылдады

Жаңа лауазымдағы алғашқы сапар: Тоқаев Парламентаралық одақ басшысын қабылдады

Жаңа лауазымдағы алғашқы сапар: Тоқаев Парламентаралық одақ басшысын қабылдады 

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жауапты миссияны абыроймен атқаруына тілеулестік білдірді.
Мемлекет басшысы Қазақстан Парламентаралық одақпен көпжылдық жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.
"Сондай-ақ Парламентаралық одақтың халықаралық серіктестікті ілгерілететін маңызды институт екенін атап өтіп, ұйыммен байланысты тереңдетуге бейіл екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі саяси жүйені жаңғырту және демократиялық институттарды нығайту бағытында қолға алынған реформаларға тоқталды", - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Өз кезегінде Милтон Дик Парламентаралық одақ президенті ретінде сапармен келіп отырған алғашқы ел Қазақстан екенін айрықша атап өтті.
Бұл ретте ол еліміздегі саяси, экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады.
Әңгімелесу барысында тараптар парламенттік дипломатия, жасанды интеллектінің дамуы және Қазақстан-Аустралия ынтымақтастығының келешегі жөнінде пікір алмасты.
Парламентаралық одақ (ПО) - әлем елдерінің ұлттық парламенттерін біріктіретін, өзара іс-қимылын үйлестіру, бейбітшілікті нығайту және парламентаризмді дамыту мақсатында құрылған көне халықаралық ұйым. Парламентаралық одақ 2002 жылдан бері БҰҰ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие. Ұйымның штаб-пәтері Женевада орналасқан.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі