Корея, Үндістан және Индонезия елшілері қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады (Қаз/Рус)
Корея, Үндістан және Индонезияның Қазақстандағы елшілері барша қазақ жұртын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Елшілер Тәуелсіздік жылдарындағы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін, әлемдік деңгейдегі қайраткерлігін жоғары бағалап, ел болашағының жарқын болуын тіледі, - деп хабарлайды «Қазақ радиоларының» жаңалықтар қызметі.
Ким Дэсик, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Өкілетті және Төтенше елшісі:
Мен сіздерді шын жүректен Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі Қазақстанның негізін қалаған батыр. Мен Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстанның 300 жылдық тарих ағымын өзгертіп, заманауи, тәуелсіз мемлекет құрған көшбасшы деп ойлаймын. Сонымен қатар, оны Корея Республикасымен берік, достық қарым-қатынастың іргетасын қалаған басшы ретінде білемін. Мен шетелдік азамат ретінде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа зор құрметімді білдіремін. Зор денсаулық тілей отырып, көшбасшылық қабілетін Қазақстанның тұрақты дамуына жұмсай беруіне тілектеспін. Көп рақмет.
Рахмат Прамоно, Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі:
Индонезия Республикасының Нұр-Сұлтандағы елшілігінің атынан сіздерді айтулы мереке - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Елдің негізін қалаушы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттің дамуы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосты. Қысқа уақыт аралығында біртұтас ұлтпен өркендеген мемлекетке айналып, 2050-інші жылдың қарсаңында әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жоспарын іске асыруда. Осы айтулы күні сізге амандық, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймін!
Прабхат Кумар, Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Үндістан Үкіметі мен халқы атынан Қазақстанда және шетелде тұратын барлық Қазақстан азаматтарын құттықтағым келеді. Дәл осы күні Қазақстан азаматтары Аса мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның тұңғыш президенті етіп сайлады. Енді ғана тәуелсіздік алған елдің қандай қиындықтар мен сын-тегеуріндерге ұшырайтыны Үндістанға аса мәлім. Тұңғыш Президенттің кемеңгер көшбасшылығының арқасында бүгін Қазақстан әлемнің жетекші елдерінің қатарында. Қазақстан азаматтарын бүкіл Үндістан халқының атынан тағы да құттықтап,Аса мәртебелі Елбасыға ұзақ өмір және мықты денсаулық тілегім келеді. Үндістан мен Қазақстанның ынтымағы жасай берсін!
Послы Кореи, Индии, Индонезии поздравили казахстанцев с Днем Первого Президента Республики Казахстан.
Послы высоко оценили работу Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации Нурсултана Назарбаева и пожелали светлого будущего стране, - сообщает новостная служба «Қазақ радиолары».
Ким Дэсик, Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Корея в Республике Казахстан:
От всей души поздравляю вас с Днем Первого Президента! Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Абишевич Назарбаев является героем, который является основателем современного Казахстана. Я считаю, что Первый Президент Казахстана Нурсултан Абишевич Назарбаев изменил 300-летний ход истории Казахстана и создал современное независимое государство. Кроме того, я знаю его как лидера, который заложил основу крепких и дружеских отношений между Казахстаном и Республикой Корея. Как иностранный гражданин, я выражаю свое глубокое уважение и почтение Первому Президенту Казахстана Нурсултану Абишевичу Назарбаеву. Я желаю ему крепкого здоровья и чтобы он продолжал использовать свои лидерские качества в устойчивое развитие Казахстана. Спасибо большое.
Рахмат Прамоно, Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Индонезия в Республике Казахстан:
От имени Посольства Республики Индонезия в Нур-Султане, от всей души хотел бы поздравить со значимым праздником – Днем Первого Президента Казахстана! Как основатель страны Лидер Нации, Елбасы Нурсултан Назарбаев внес неоценимый вклад в развитие и процветание республики. За такой отрезок времени страна превратились в процветающее государство, которое к 2050-му году войдет в топ 30 самых развитых стран мира. В этот знаменательный день хочу пожелать вам благополучия, крепкого здоровья, мира, счастливых и долгих лет жизни!
Прабхат Кумар, Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Индия в Республике Казахстан:
По случаю Дня первого президента Республики Казахстан хотелось бы поздравить от имени Правительства и народа Индии всех граждан Казахстана, проживающих в Казахстане и зарубежом. В этот день граждане Казахстана избрали Е.П. Нурсултана Назарбаева первым президентом Казахстана. Индии хорошо известно с какими трудностями и вызовами сталкивается страна, только получившая независимость. Благодаря эффективному лидерству первого президента, сегодня Казахстан занимает место среди ведущих стран мира. Еще раз хотелось бы поздравить граждан Казахстана от имени всего народа Индии, а также пожелать Елбасы долгих лет жизни и крепкого здоровья. Да здравствует Индийско-Казахстанская дружба!