Бүгін Қазақстан мегаполистерінде жауын-шашынсыз, жылы күн райы күтіледі
Бүгін Қазақстан мегаполистерінде жауын-шашынсыз, жылы күн райы күтіледі
Синоптиктер 17 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды OpenWeather порталына сілтеме жасап
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с.
Астанада күн аздаған бұлтты болмақ. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағанасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с.
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков