Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қан майданнан қайтпаған жауынгердің денесі табылды

Кейде бір қоңырау немесе бір жапырақ хат ондаған жылдың түйінін шешіп, ең күрделі жұмбақтың жауабын тауып береді. 

Бұл хабар да сүйінші жаңалықпен басталды. Бізге хат жолдаған Ақтолқын Айтболатқызы Қабошева осыдан 29 жыл бұрын Орал педагогикалық училищесинде бірге оқыған группалас құрбысы – Айгул Қуантқанқызы Махмутовамен Қазақ радиосының тікелей эфирінде табысты. 

Қуаныштарыңызға ортақпыз! 


Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан «Суворов» отрядының командирі – Ольга Викторовна Стружанова тікелей эфирге қоңырау шалып, Ленинград облысында табылған бір жауынгердің туыстарына іздеу салды. Назар аударыңыздар: жауынгердің аты-жөні Забабурин Иван Никитович, 1902 жылы туған. Соғысқа Қызылорда облысы Қазалы ауданынан аттанған болуы мүмкін. Табылған ақпаратта мекенжайы Пушкин көшесі, 4-үй деп жазылған, Қазалы ауданы болуы мүмкін. Соғысқа Қызылорданың әскери комиссариатынан шақыртылған. Жұбайы: Забабурина Анастасия Леонтьевна.

Сұрапыл соғыстан оралмаған қаншама батырдың денесі әлі күнге дейін Бауырластар зиратында жатыр. Қан майдан қанша үйдің адамын ұрлап, қанша үйдің отын сөндірді. Забабурин Иван Никитовичтің туыстарын танитындар болса, 8-707-53-55-383 нөміріне хабарласыңыздар.


ХАТ ҚОРЖЫНЫ:

1. Мен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан хат жазып отырмын. Аты-жөнім: Азамат Умиргалиев. Мен 1984-1986 жылдары Украинаның Днепропетровск қаласында №42088 бөлімшеде әскери міндетімді бірге атқарған досым – Қапан Аджибайұлы Мұңайтпасовқа іздеу саламын. Мекенжайы: Түркістан облысы Ленин ауданы Қызылтаң ауылы.

2. Ассалаумағаликум «Бармысың, бауырым?» хабары. Мен Серік Түймебайұлы Нугаев, Түркістан облысы Жетісай ауданы әл-Фараби ауылының тұрғынымын. Мен туыстарым мен анамды іздеймін. Анамды туғалы көрген жоқпын. Мені танитындар, іздеп жүргендер болса, Қазақ радиосына хабарласыңыздар.

3. Добрый день! Я Лариса Муханбеткалиева. Я ищу родственников отца в Башкортостане.Мой отец Рамазанов Фаил Фаритович 1959г.р. по нации татарин.Мама Гаухар Серикпаевна Сагындыкова 1953 г.р. с отцом поженились в 1981 г в совхозе Атбасарский, Акмолинской области (это близ г.Атбасар) .Они жили с семьёй отца и вели общее хозяйство.В семье отца было 6 человек Дедушка мой Рамазанов Фарид, бабушка Рамазанова Асия (насколько я знаю она по нации башкирка) ,мой отец был старшим сыном, сестрёнки Рамазанова Халида Фаритовна, Рамазанова Роза, и мл. брат Рамазанов Финиль Фаритович ( годы рождения к сожалению нет точных) .В 1982 году родители отца решили переехать к себе на Родину в Башкирию, но моя мама отказалась и осталась у своей матери Сагындыкова Зайни Кенжегалқызы 1916 г.р и брат Сагындыков Темирлан Серикпаевич 1951 г.р. В сентябре 1982 г родилась я . После моего рождения моя бабушка Рамазанова Асия приезжала и хотела забрать меня, но мать моей мамы Не отдала меня, также после приезжал мой отец, его братишка. Родители так и не сошлись, мама получала алименты, но в конце 90-х гг.мама (точный год не помнит мама) стала получать пособие по утере кормильца. Сообщили, что отец мой умер от туберкулёза. Также известно , что мой отец женился повторно, и у него есть сын Наиль. В 2000г я писала на передачу "Жди меня " , пришло только извещение о том что письмо получено и больше никаких вестей не было. Но поиски безрезультата на данный момент. Надеюсь ваша передача поможет мне в поисках.

4. Мен Иман Зулкашов, Ақтау қаласынан хат жолдап отырмын. Мен 1979-1981 жылдары отан алдындағы борышымды бірге өтеген досым Алмасбек Акановқа іздеу саламын. Алмасбек 1961 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылының тумасы. Кездеспегенімізге 38 жыл болыпты, осы досыммен табыссам деймін. Рахмет!

«Бармысың, бауырымның» негізгі тыңдарманы – туысы мен досын сағынатын, үміт үзбей күтетін жандар. Сағыныш деген – сарқылмайтын дүние ғой. Ендеше, сағыныш хаттары да таусылмасын, үміттер үзілмесін.

Хаттарда аты-жөні аталған адамдарды танысаңыздар, бізге хабарласыңыздар, 7-707-53-55-383 нөмірі сіздерден қоңырау күтеді.

ЖАҚЫНЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗДАН ТАБЫЛСЫН!