Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы қызметінде қалды

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы қызметінде қалды

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы қызметінде қалды 

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жоғары ауиторлық палатаның ресми сайтына сүйенсек, Әлихан Смайылов 1972 жылдың 18 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын аяқтап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993-1999 жылдары "А-Инвест" инвестициялық-жекешелендіру қорында, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінде, Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы.
2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.
2006-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ президенті.
2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.
2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы.
2015-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2018 - 2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі.
2022-2024 жылдары – Қазақстан Республикасының премьер-Министрі.  
2024 жылы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болып  тағайындалды.

Фото: gov.kz