Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Экософия немесе киелі табиғат

«Шалқар» радиосындағы «Сәті түскен сұхбат» хабарында Түркиядағы «Erciyes» университетінің PhD докторанты Санжар Керімбай, «Отбасы хрестоматиясы» қорының директоры Бағдат Құдияр қонақта болды.


Экософия ұғымын түсіндіруге арналған «Экософия немесе киелі табиғат» атты туынды жарық көрді. Экософия дегеніміз не? Экософия – аң-құс пен өсімдіктердің ерекшелігін аңыз, қисса түрінде баяндайды. Сол арқылы қоршаған ортаға сакральды мән сіңіреді. Адамның кеудесін кие, қасиет деген сезімдермен көмкереді.

«Адамдардың көбі затқа қараған кезде бас-көзбен көреді де, ал оның хикметін байқамай қалады. Сондықтан, Абай атамыздың: «Іштегі кірді қашырсаң, түседі хақтың сәулесі. Жүректің көзі ашылса, адамзаттың хикмет кеудесі», - деп жүректің көзімен қарауды меңзесе, ал Құранда «неге жердің алқам-салқамы шығып, адамдардың арасы іріп, суыды» делінген, мұндай бақытсыздыққа ұшыраған себебі, адамның басындағы көзі емес, көкірегіндегі жүрек көзі соқыр болды», - деп айтатыны сол. Кейін бұл ілімнің негізін қалаған Шәкәрім атамыз: «Жасырып тұр жар өзін, бас-көзіңмен қарама, жүрегіңнің аш көзін, жардың сырын арала. Көрем десең жарыңды, мас бол, жүрек тазала. Өртеп жібер барыңды, қарсы ұмтыл қазаға», - деп айтатын себептері сол. Яғни, адамның көкірек көзі ашылып, іштегі кірі кеткенде, адамдар мен табиғаттың арасындағы байланысты сезеді. Бір-бірімен аңызбен, мән-мағынамен байланып тұрғандарын көре бастайды. Осы кітапты оқыған адам табиғатпен хикмет, аңыз арқылы қайта байланысады», - дейді Санжар Керімбай.

Бағдарламаның редактор-жүргізушісі: Гүлнұр Омарханқызы. 

Толық ақпарат видео және аудионұсқада.

https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/archive/programs/programs_shalkar/sattysuxbat/1073867