Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосының тікелей эфирінде баспана кілті табысталды

Бүгін Қазақ радиосының «Мың алғыс» бағдарламасына Өскемен қаласынан арнайы келген бір үйдің бес баласы қатысты. Көмекке мұқтаж екендерін білгеннен кейін Қазақ радиосы бұл балаларды арнайы шақырып, олардың жағдайын көпке жеткізуді мақсат еткен еді.


Үйдің тұңғышы Жанбота он тоғыз жаста. Өзінен кейінгі төрт бауырын жетектеп, мектеп бітірген соң орта немесе жоғары білім алу туралы ойлаған да жоқ, бір жағы құжаты да болмады. Әкеден тірідей айырылса, анасы 2019 жылы қатерлі дерттің салдырынан көз жұмды. Қос қанаты қайырылып, панасыз қалған балапандар өз күндерін өздері көріп жүр. Жалдамалы пәтерде тұрады. Уақытша жұмыс жасап, күнделікті тапқан 2-3 мың теңге азық-түліктен артылмайды. Кейде қара су мен қара нанды талғажау ететін сәттері де болады. 


Қайырымды істерімен көпшілікке үлгі болып жүрген «Харекет» қоры эфир барысында балаларға тосынсый жасап, баспана кілтін табыс етті. Бұл тосынсый Қазақ радиосының идеясымен, «Харекет» қоры, Өскемен қаласы әкімдігі, Өскемен қаласы Білім басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Осы ретте Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлына, Қалқаман Айымғазыұлына, Әділ Сайлаубекке, Гүлмира Мұханқызына ерекше алғысымызды білдіреміз!


Еске сала кетсек, «Харекет» қоры «Мың алғыс» қайырымдылық кешінде екі жыл қатарынан 6 отбасына баспана кілтін табыс етіп, қуанышқа бөлеп еді. Бүгін Қазақ радиосының студиясында да бұл өнегелі үрдіс жалғасын тапты.

«Мың алғыс» хабары мен қайырымдылық кеш аясында бүгінге дейін 120 000 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Көңілдері мейірім мен қамқорлыққа жүдеген балаларға қолдау көресете түсейік!

Жанбота Жақиянованың атына ашылған есепшот: 

Kaspi Gold: 4400 4301 5218 1431 

ЖСН: 0010 2365 1160