Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Министрліктерде жауапты хатшы қызметі жойылады

Министрліктерде жауапты хатшы қызметі жойылады

Президент Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі туралы айтып қана қоймай, оны жүзеге асырудың да бірнеше мехинизмін ұсынды. Солардың бірі лауазымды тұлғаларға тікелей қатысты. Атап айтсақ 2021 жылдың шілдесінен бастап шенеуніктердің жұмысы балл мен фактор бойынша бағаланады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Жанна Кәрімованың айтуынша бұл бірінші кезекте сан емес, сапаға жұмыс істеуге ерекше ықпал етпек.

Бүгінде Қазақстанда 17 министрлік бар. Әрбір сала бойынша белгіленген осы 17 ведомствоның әрқайссында жеке жауапты хатшылар институты бар. Егер әбір салаға тікелей басшылық ететін өз министрі болса, жауапты хатшының атқаратын функциясы қандай деген ой туады. Кешегі жолдауды президент бұл мәселеге де жіті тоқталып, алдағы уақытта бұл институттардың түгел жойылатынын айтты. Демек кез келген туындаған мәселе мен проблемаға сала басшысы тікелей жауап береді.

Толығарық аудионұсқада.

Хабардың редакторы: Азамат Жомартұлы.