Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді,- деп хабарлайды elbasy.kz.

А.Шпекбаев Агенттіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдардың бюджетінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ осы үдерісте азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.