Сәрсенбіде ел мегаполистерінде ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріледі
Сәрсенбіде ел мегаполистерінде ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріледі
Астана, Алматы мен Шымкентте 9 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,5 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 34 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,3 м/с деңгейінде болмақ.
Фото: pexels.com