Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 59 жолаушылар пойызы спутниктік интернетке қосылды

Қазақстанда 59 жолаушылар пойызы спутниктік интернетке қосылды

Қазақстанда 59 жолаушылар пойызы спутниктік интернетке қосылды 

Қазақстанда жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Жоба цифрлық инфрақұрылымды дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру аясында жүзеге асырылып жатыр.
2026 жылғы 8 қыркүйектегі жағдай бойынша Starlink спутниктік интернеті 31 бағыттағы 59 пойыз құрамында, яғни 770-тен астам вагонда қолжетімді. Қыркүйек айының соңына дейін спутниктік интернетпен 50 бағыттағы 124 пойыз құрамын немесе 1 235 вагонды қамту жоспарланған.
OneWeb және Starlink төмен орбиталы спутниктік жүйелерін пайдалану бойынша алғашқы сынақтар 2025 жылы Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Бурабай, Астана – Семей және Алматы – Маңғышлақ бағыттарында жүргізілген. Биыл жоба кең көлемде іске асыру кезеңіне өтті.
Қазір спутниктік интернет Нұрлы жол – Алматы, Нұрлы жол – Өскемен, Нұрлы жол – Орал, Нұрлы жол – Петропавл, Алматы-2 – Өскемен, Қызылорда – Семей, Ақтөбе – Алматы-1, Маңғыстау – Ақтөбе және басқа да бірқатар бағыттарда қолжетімді.
Интернет жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді. Төмен орбиталы спутниктер теміржолдың дәстүрлі байланыс желілері нашар қамтитын шалғай учаскелерінде де интернетке қосылуға мүмкіндік береді.
Жолаушыларға тегін базалық пакет ұсынылады. Оның аясында WhatsApp және Telegram арқылы мәтіндік хабарлама алмасуға қосымша ақы алынбайды. Интернетті кеңірек пайдалану үшін қосымша тарифтік пакеттер қарастырылған.
Жоба жолаушыларға сапар кезінде байланыста болуға, жұмыс істеуге, онлайн оқуға, мемлекеттік және банктік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар спутниктік интернет пойыздарда мультимедиялық, ақпараттық және басқа да цифрлық сервистерді дамытуға негіз болмақ.

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі