Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

BBC: Covid-19 әлемнің дамуын 20 жылға кешеуілдетті

BBC: Covid-19 әлемнің дамуын 20 жылға кешеуілдетті

Covid-19 пандемиясы әлемнің дамуын 20 жылға кешеуілдетті, деп хабарлайды  BBC.

Агенттік жариялаған ақпараттарға қарағанда, әлем тағы бір жаңа вирус пандемиясына мүлдем дайын емес. Бұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Дүниежүзілік банк өкілдері мәлімдеп отыр. Бірақ, оған қоса, жақсы жаңалық та бар: Калифорнияда Covid-19 вирусына қарсы қолданылатын жасанды ақуыз молекуласы синтезделді.

«Әлемде Covid-19 коронавирусын жұқтырған адамдардың саны 30 миллионға жақындады. Пандемия басталғаннан бері, одан қайтыс болғандардың саны – 929 мың адамды құрады. 30 миллионға жуық адам сауығып шықты», деп хабарлады Джонс Хопкинс университеті.

Covid-19 пандемиясы әлемнің дамуын кері бұрып жіберді. Сарапшылар қазір осы мәселені талқыға салып жатыр. Яғни, олар өркениет қанша жылға кері кетті деген мәселеге бас қатыруда. Билл және Мелинда Гейтс қорының дүйсенбі күні шығарған жыл сайынғы баяндамасында 20 жыл туралы мәселе көтеріліп отыр. Құжатта пандемияның бірнеше айы халықаралық ұйымдардың жылдар бойы атқарып, қол жеткізген жетістіктерін құрдымға жібергені айтылады. Жетіспеушілік жағдайда өмір сүріп жатқан адамдардың саны осы уақытта 7 пайызға өскен. Бұдан бөлек, басқа ауруларға қарсы вакцина егу жағдайы 1990 жылдардағы деңгейге түскен.

«Жағдайды бірлесіп ушықтыратын апаттар» – Сovid-19 пандемиясын мүмкіндігінше дәл сипаттайтын сөз. Әуелі вирус пайда болды, одан кейін үкімет онымен күрес жүргізу үшін ресурстарды қайта үлестіре бастады, одан кейін адамдар індет жұқтырып алу қорқынышымен дәрігерлерге барудан қалды. Осының барлығы денсаулық сақтау секторындағы толыққанды катастрофа элементтері», - делінген баяндамада.


Дереккөз: inform.kz