Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық автотасымалдаушылар 9 айда 10 млн. 800 мың тонна жүк тасымалдады

Қазақстандық автотасымалдаушылар 9 айда 10 млн. 800 мың тонна жүк тасымалдады

15 10 20 9 00

  • Петропавлда көмекке мұқтаж 5 мыңдай отбасы 50 мың теңгеден жәрдемақы алды.
  • «Ауыл» партиясының «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасы 25 қазанға дейін жүргізіледі.
  • Шығыс Қазақстан облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасында 120-дан астам құқық бұзушылық анықталған. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде есеп берілді. Мемлекет басшысына жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзету енгізілгені және Дүниежүзілік банктің жемқорлықты бақылау индексіндегі еліміздің көрсеткіші айтарлықтай жақсарғаны туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы тапсырмалардың сапалы жүзеге асырылу және мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялардың шетелдік шоттарының болуына тыйым салу қажеттігіне назар аударды.

*****

Петропавлда көмекке мұқтаж 4875 отбасы Елбасының тапсырмасынан кейін 50 мың теңгеден жәрдемақы алды. «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, петропавлдықтарға қаржы «Birgemiz» қорынан аударылған. Жәрдемақы тұрмысы нашар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілді. Ол үшін ешқайда барудың, арыз жазудың қажеті жоқ. Көмек алушылардың тізімін жергілікті әкімдік әзірледі.

*****

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Ел аманаты» атты жалпыұлттық сауалнама жүргізуде. Ол туралы партия төрағасының орынбасары Төлеутай Рақымбеков мәлім етті. «Бұл жобаның мақсаты - азаматтарымызды, жалпы қоғамды толғандыратын маңызды мәселелерді анықтау. Әр сала бойынша шешілуі тиіс түйіткілді мәселелер жеткілікті. Біз солардың арасынан ең маңызды деген 15 мәселені сауалнамаға енгіздік», - деді Төлеутай Рақымбеков. Оның айтуынша, сауалнамада денсаулық, білім беру, жер, халықтың әлеуетін көтеру және тағы басқа салалар қамтылған. Сауалнамаға барлық қазақстандық қатыса алады. 24 қыркүйекте басталған жалпыұлттық сауалнама 25 қазан күні аяқталады.

*****

Қазақстандық автотасымалдаушылар биылғы 9 айда халықаралық бағыттарда 10 млн. 800 мың тонна жүк тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 процентке көп. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, есепті кезеңде жүк экспорты – 4 млн тонна, импорт – 6,8 млн тонна болып, 905 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды. Ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Үкімет қабылдаған карантиндік шаралардан ішкі жолаушылар айналымы екі есе азайып, автомобильмен ішкі жүк тасымалы көлемі 8 пайызға төмендеді.

*****

Шығыс Қазақстан облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында 120-дан астам құқық бұзушылық анықталған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жедел алдын алу шарасы өңірде 12 қазанда басталған. «Құқық бұзушылықтың 69-ы аң аулау, 34-і балық аулау ережелерін бұзуға қатысты болса, 3 адам ағашты заңсыз кескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, «Браконьер» жедел алдын алу шарасы 11 қарашаға дейін болады.