Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай өткен шаралардың қорытындысы жайында баяндалды,- деп хабарлайды Ақорда.

Конституциялық Кеңес Төрағасының айтуынша, Ата Заңның мерейтойлық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық жоспар коронавирус пандемиясы тудырған қиыншылықтарға қарамастан жүзеге асқан.

Президентке мерейтой шеңберінде өткен іс-шаралар қорытындысы бойынша Ата Заңның әлеуетін жан-жақты іске асыру және елдегі конституциялық заңдылық жүйесін нығайтуға бағытталған ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Ұсыныстардың бір бөлігі Конституциялық Кеңестің құқықтық негізін одан әрі жетілдіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кепілдігін күшейтуге байланысты келіп түскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция Қазақстанның мемлекеттілігі мен еліміздің стратегиялық дамуының негізі екенін айтты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мемлекеттік органдар мен азаматтар конституциялық талаптарды терең түсінуі және оны басшылыққа алуы керек.