Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық фильмге сұраныс бар

Ұлттық фильмге сұраныс бар

«Filmfan» хабарында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Дистрибуция бөлімінің жетекшісі Аруана Асылқанқызы және Қазақстан ұлттық телеарнасының Дистрибуция және сатып алу бөлімінің бас маманы Әсел Қабылжанқызы қонақта болды.


  • Фильм түсірген кезде ең бастысы: жарыққа шығару. Ол сіздер арқылы жүзеге асады. Дистрибуция мамандары өз кезегінде барынша көп көрермен тартуға тырысады ғой?
  • Бізде көрсетілетін фильмдерді кім таңдайды? Компаниялар өздері өтініш бере ме?
  • Көрермен тарту әлеуметтік желі пайда болғалы біраз жеңілдеді. Әлеуметтік желінің сіздерге пайдасы мен зияны жайында айтсаңыз. 
  • Пандемия кино саласына теріс әсер етті. Қаншама кинотеатр жабылып қалды. Бірақ стриминг сервисі жақсы дамыды. Біздің елде стримингтік қызметтің жағдайы қалай?
  • Негізі, киноның прокатқа шығуы 4 деңгейден тұрады: стандартты кинопрокат, біруақытта боатын релиз, DVD шығару, онлайн релиз.
  • Дистрибукция шығындарын айтсақ: агенттік жарна, кинотеатрлар пайдасы, халықаралық дистрибуция. АҚШ-та түскен пайдадан агенттік жарна 19%, халықаралық дистрибуция 44%, кинотеатрлар жарнасы 44% екен. Еуропада 15%, 22%, 46%. Бізде бұл көрсеткіш қалай?
  • 2019 жылы 36 фильм прокатқа шығыпты, ал биыл 7-еу ғана. Пандемия десек те, стримингтік сервистің дамымағаны да әсер етеді. 
  • Мемлекет қаржысына түсірілген фильмнің пайдасының 80 пайызы продюсерге, 20 пайызы мемлекетке екен? Неге бұлай? 
  • Ұлттық фильмді сатумен айналысасыздар. Отандық өнімге деген сұраныс қандай?
  • Фильмдерді тек кинотеатр ғана емес, ұшақтарға, онлайн платфомаларға, мобильді телефонға, телеарнаға сатуға болады. 
  • Соңғы уақытта коммерциялық фильмдер көбейіп жатыр. Сіздерден қандай қолдау бар?
  • Дәл қазір ұлттық арнада қандай сериал көрсетіліп жатыр?
  • Әсел, телехикаяларды сатып алу процесі қалай жүргізіледі?
  • Таңдай кезінде қандай критерийлерге сүйенесіздер? Шетелден келетін өнімдерді қандай талаптар бойынша қабылдайсыздар? 

Осы және өзге де сауалдардың жауабын хабардың аудиосынан біле аласыз.

Жүргізушілер – Нұртас Нұрғали, Теңге Бекмырза.