Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алаяқтартардан абай болыңыз!

Алаяқтартардан абай болыңыз!

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің онлайн-кездесуі өтті. Онда Аида Балаева министрлік қызметінің негізгі бағыттары мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы әңгімелеп берді. Ұлттық кеңес мүшелері квазимемлекеттік секторға қоғамның қатысуы, қоғамдық телевизияны дамыту, гранттық жобалардың тиімділігі, жастар саясатындағы стратегиялар, кәсіби журналистиканы дамыту, министрлер мен әкімдердің ашықтығын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

*****

Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 10 838 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі. Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр. 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың халі аса ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

*****

Сонымен қатар, өткен тәулікте 154 адамнан коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония анықталды және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 91 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы пневмонияға 40848 адам шалдыққан. Оның ішінде 425 науқас қайтыс болып, 29869 адам жазылып шықты.

*****

Солтүстік Қазақстанда суық тиіп ауырғандар көбейді. Медициналық көмекке жүгінетіндердің 70% жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар.. Облыстың бас санитар дәрігері Арман Күшбасовтың айтуынша, коронавирус жұқтырушылар санының артуын ПТР тестпен байланыстыру дұрыс емес. СҚО-да 4 зертхана бар. Қазір бір тәулікте орта есеппен 1,5 мың ПТР тест жасалады. Ол бұған дейін де, жазда да жасалып келді. «Жалпы індет басталғалы 152 мыңнан астам адам тексерілді. Оның 3,5% оң нәтиже көрсеткен. Бұл - барлық облыс тұрғындарының 27%. Маманның айтуынша, КВИ жұқтыру жағдайлары сырттан – Ресей мен шетелден келетіндер арасында көп. 6 қазан мен 18 қараша аралығында автомобиль жолдарындағы шекара бекеттері арқылы 24 мыңға жуық адам өткен. Оның тек 7 мыңға жуығында ғана ПТР тест нәтижесі болған. Ал карантин стационарына алынып, тексерілген 1718 адамның 166-сынан COVID-19 анықталды.

*****

  «ХҚКО қызметкерімін». Павлодарда өздерін осылайша таныстыратын алаяқтар пайда болды. Олар азаматтарға қоңырау шалып, тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайды, деп жазды Рavlodarnews.kz. Павлодар, Екібастұз қалалары және Ертіс ауданының халыққа қызмет көрсету орталықтарына келген тұрғындар осылай деп шағымданған. Орталық қызметкерлері атынан қоңырау шалғандар қарыздарын өтемеген жағдайда ЭЦҚ кілттері мен жеке бас куәліктерін бұғаттайтынын айтқан. Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды.