Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 26.11.2020

Қорытынды жаңалықтар 26.11.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады. Әбілқайыр Сқақов өңірдегі денсаулық сақтау саласы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайында айтты. Оның ішінде, коронавирус пандемиясын ауыздықтауға қатысты қабылдаған шараларды атап өтті. Аймақ басшысы бүгінде жағдай күрделі болғанымен, толық бақылауда тұрғанына, ауруханалар медициналық құралдармен жабдықталып, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екеніне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының республикадағы маңызды аймақтардың бірі екенін, өңірге жан-жақты қолдау көрсетілетін айтты.

***

Бүгін Сенат депутаттары электр энергетикасының тиімділігін арттыруға арналған құжатты қабылдады. «Кейбір заңнамалық актілерге жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң елімізде жаңартылатын көздерден алынатын энергияны өндіру мен қолданылуды ынталандырырумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға да оң үлесін қосады,-дейді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

***

Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты халықаралық конференциясында Сөз өйлеген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның және оның парламентаризмін қалыптастыру жолындағы теңдессіз рөліне тоқталды. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Елбасы ірі саяси, экономикалық әлеуметтік реформалар жасады. Мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізді», -деді Нұрлан Нығматулин.

***

Ақмола облысының бас санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы кезекті Қаулысы шықты. Жаңа Қаулы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзарту және жеңілдету ықтималдығымен 28 қарашада күшіне енеді. Оған сәйкес:

***

Көкшетау, Степногорск қалаларының карантиндік аймақтарына азаматтардың кіруіне/шығуына тыйым салынады; Көкшетау, Степногорск қалаларын қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға/қалаға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат беріледі;

***

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 2021 жылдың жоспарымен бөлісті. « біздің ең бірінші міндет – облыс тұрғындарын жұмыспен қамту. Бұл бағытта осы жылдың аяғына дейін 33 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтысақ, алдағы жылы тағы 35 мың тұрғынды еңбекке тарту жоспары бар», - деді Әбілқайыр Сқақов. 

***

Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап өңірде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік көмек көрсету порталы ашылады. «Әлеуметтік қызмет көрсету порталы мүгедектердің өзіне таңдау жасауға мүмкіндік бермек. Олар оңалтуға қажет құрал-жабдықтарды және оны жеткізуші компанияны өздері таңдайды. Тек ол үшін цифрлық қолтаңба болуы қажет», - дейді Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ольга Прасолова. Петропавлда 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. 

***

20 қарашадағы мәлімет бойынша 513 мың жеке тұлға салық рақымшылығы мүмкіндігін қолданды. Олар 6,9 млрд теңге көлеміндегі берешегін өтеді. Көлік салығының өсімпұлын төлеуден құтылғандардың саны көптігі жағынан Алматы қаласының тұрғындары алда. Олар 1,2 млрд теңге қарызын төледі, 117,8 млн теңге болатын өсімпұл есептен шығарылды. Жер салығы бойынша 63,6 млн теңге қарызын төлеген Шымкент қаласының тұрғындары 7,2 млн теңге өсімпұл төлеуден босатылды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мүлік салығы бойынша өсімпұлды есептен шығару көрсеткішінде рейтингіні бастады. Естеріңізге сала кетейік, Салық рақымшылығы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

***

Қазақстанда кең ауқымды киіктерді қорғау акциясы басталды. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Шара 12 облыс аумағында өткізіледі. Еске сала кетсек, 2019 жылы киіктерді заңсыз атқан браконьерлерге қатысты 47 факті анықталып, 203 әкімшілік хаттама толтырылып, қылмыстық жазаға 43 заң бұзушы тартылды. Табиғатқа 3,3 млрд теңге шығын келтірілген.