↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда теміржол билеттері 10%-ға төмендеді

Қазақстанда теміржол билеттері 10%-ға төмендеді

Қазақстанда теміржол билеттері 10%-ға төмендеді

1 қазаннан бастап Қазақстанда жолаушылар пойыздарының билеттеріне 10% жеңілдік енгізілді. Жеңілдік жыл соңына дейін барлық вагон түрлеріне және қала маңындағы пойыздарға қолданылады. 
Қазақстанның ұлттық теміржол тасымалдаушысы жолаушыларға жеңілдік ұсынды. 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жолаушылар пойыздарының билеттері 10%-ға арзандатылады.
Жеңілдік ұлттық тасымалдаушының пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға қолданылады.
Яғни күзгі-қысқы кезеңде пойызбен сапарға шығатын жолаушылар билеттерді бұрынғыдан төмен бағамен сатып ала алады.
Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарындағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа жүйесі енгізілетіні туралы жазған едік. Оған сәйкес, бір купеде тек ер адамдар немесе тек әйелдер отырады.

Фото: pixabay.com